Геосаяси шиеленіс аясында теңгенің жақын арада күрт құлдырауы мүмкін деген әңгімелер күшейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұрынғы банкир, қаржы сарапшысы Сұлтан Елемесовтің айтуынша, алдағы апталарда валюта нарығында күрт өзгеріс болады деп күтілмейді. Оның сөзінше, жағдай ақпан айымен салыстырғанда айтарлықтай өзгерген жоқ: Ұлттық қордан трансферттер тұрақты түрде түсіп жатыр, квазимемлекеттік сектор валюталық түсімдерін белсенді түрде сатуды жалғастыруда, ал базалық мөлшерлеме бұрынғыдай жоғары деңгейде қалып отыр.
- Наурызда доллар 600 теңге бола ма? Жоқ деп ойлаймын. Иә, бізде салық аптасы аяқталған сияқты. Бірақ сәуір айының басында басқа салықтарға байланысты валюта сатылымы қайта болады. Яғни шикізат компаниялары корпоративтік табыс салығы мен басқа да салықтарды төлеу үшін валюталық түсімдерін сата береді. Сонымен қатар мұнайдың қымбат болуы да жанама түрде болса да теңгені кем дегенде психологиялық деңгейде қолдауы мүмкін. Жалпы алғанда, қазіргі жағдайға қарап теңге әзірге күрт құлдырамайды, – деді сарапшы.