×
493.36
572.84
6.29
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
493.36
572.84
6.29

Трамп Ирак Күрдістан күштерін Иранды шабуылдауға үндеді

Бүгін, 11:06
Трамп Ирак Күрдістан күштерін Иранды шабуылдауға үндеді
AP Photo / Evan Vucci

АҚШ президенті Ирактағы күрд жасақтарын Иранды шабуылдауға үндеді, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Reuters агенттігіне телефон арқылы берген сұхбатында Дональд Трамп Иранның келесі басшысы аятолла Әли Хаменеидің ұлы бола алмайтынын айтты. Ол Ирандағы жағдайды Венесуэламен салыстырды. Трамптың сөзінше, АҚШ президент Николас Мадуроны тақтан тайдырғаннан кейін билік басына онына келген Делси Родригес «өте жақсы жұмыс істеген».

«Біз Иранды болашаққа жетелейтін адамды таңдау процесіне қатысқымыз келеді. Бұл мәселені әр бес жыл сайын қайта-қайта көтеруге мәжбүр болмауымыз үшін солай істегіміз келеді. Біз халыққа да, мемлекетке де пайда әкелетін тұлғаның таңдалғанын қалаймыз», – деді Трамп.

Бұған қоса, Трамп Ирактағы күрд күштерін Иранға шабуылдауға үндеді.

Reuters агенттігінің дереккөздерінің айтуынша, кейінгі күндері Ирак Күрдістан күштері АҚШ-пен келіссөздер жүргізген. Онда АҚШ пен Израиль әуе шабуылын жасап жатқан тұста, Иран қарулы күштерін әлсірету үшін шабуыл жасау туралы сөз болған.

Контекст

28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарысы әскери бастаған. Әуе шабуылы салдарынан Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи қаза тапқан. Осыдан кейін қақтығыс географиясы ұлғайған. Тегеран Таяу Шығыстағы АҚШ-тың әсери базалары мен Израильды зымыран және дрондармен атқылауды бастаған.

Серіктес жаңалықтары