×
493.36
572.84
6.29
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
493.36
572.84
6.29

Таяу Шығыстағы соғыс салдарынан 200-ге жуық бала қаза тапты

Бүгін, 13:00
Таяу Шығыстағы соғыс салдарынан 200-ге жуық бала қаза тапты
фото: avesta.tj

Таяу Шығыстағы әскери қақтығыстар салдарынан шамамен 200 бала қаза тапты. Бұл туралы ЮНИСЕФ мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

ЮНИСЕФ мәліметінше, кемінде 181 бала Иранда, 7 бала Ливанда, 3 бала Израильде және 1 бала Кувейтте қаза тапқан.

Ұйым Ирандағы білім беру мекемелеріне жасалған шабуылдар туралы хабарламаларға байланысты алаңдаушылық білдірді. Атап айтқанда, елдің оңтүстігіндегі Хормозган провинциясының Минаб қаласында орналасқан қыздарға арналған мектепке соққы жасалғаны айтылған.

– ЮНИСЕФ БҰҰ Бас хатшысының әскери әрекеттерді дереу тоқтатып, шиеленісті бәсеңдету туралы үндеуін қолдайды. Сондай-ақ ұйым барлық тараптарды барынша сабыр сақтауға және халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары жөніндегі міндеттемелерін сақтауға шақырады. Бұған бейбіт тұрғындарды және балалар тәуелді негізгі қызметтерді қорғау да кіреді, – делінген мәлімдемеде.

ЮНИСЕФ бейбіт тұрғындарға және азаматтық нысандарға, оның ішінде мектептерге жасалған шабуыл халықаралық құқықты бұзу екенін атап өтті.

ӘСКЕРИ ОПЕРАЦИЯ

28 ақпанда АҚШ пен Израиль бірнеше апта бойы айтылған ескертулерден кейін Иранға жаппай әуе соққыларын жасаған. Бұған жауап ретінде Тегеран Израильге және Таяу Шығыстағы бірқатар елдерде орналасқан АҚШ әскери базаларына қарсы шабуыл ұйымдастырған.

Серіктес жаңалықтары