×
493.85
571.78
6.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
493.85
571.78
6.25

Желіде шетелдік азаматтың қазақстандық полицейге ақша берген сәті түсірілген видео тарады

Бүгін, 10:03
Желіде шетелдік азаматтың қазақстандық полицейге ақша берген сәті түсірілген видео тарады
Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желілерде Қазақстан өңірлерінің біріндегі жол-патрульдік полиция бекетінде түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Кадрларда полицейдің автокөлікті тоқтатып, жүргізушіден көліктен шығуын сұрағанын көруге болады. Бұдан кейін видеода жүргізуші полицейге ақшаны қолма-қол беріп жатқандай көрінеді.

Сондай-ақ видеода ер адамның жол бойындағы түрлі бекетте ақша беруге мәжбүр болғанын айтады.

Жүргізушінің сөзінше, Қазақстандағы кеден бекетінде де одан ақша талап еткен. Ол жерде өзінен 70 мың теңге алғанын мәлімдейді.

Видеоның нақты қай жерде түсірілгені әзірше белгісіз. Желі қолданушылары бұл жазбаны қызу талқылап, құзырлы органдарды жағдайды тексеруге шақырып жатыр.

Ulysmedia.kz тілшісі ҚР Ішкі істер министрлігіне осы жайтқа қатысты түсінік алу үшін сауал жолдады.

Серіктес жаңалықтары