Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты,
МӘН-ЖАЙ
Бұл туралы Ильхам Әлиев өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Нахичеван әуежайына жасалған соққыны айыптағаны үшін алғыс білдірді.
– Иран мемлекетінің Нахичеванға жасаған шабуылдарын айыптағаны және Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы бауырмал әрі одақтық қатынастар рухында елімізді қолдағаны үшін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысымды білдіремін, – деп жазды ол.
Еске салайық, бұған дейін Иран президенті Әзербайжанға жасалған шабуыл туралы пікір білдірген еді.