×
493.85
571.78
6.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
493.85
571.78
6.25

Ресей Харьковқа зымыранмен соққы жасады: жеті адам қаза тапты

Бүгін, 14:45
Ресей Харьковқа зымыранмен соққы жасады: жеті адам қаза тапты
Олег Синєгубов

Ресей Харьков қаласына зымыранмен соққы жасады. Соның салдарынан кемінде жеті адам қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Харьков облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Олег Синегубовтың айтуынша, Киев ауданында бес қабатты тұрғын үйдің бір кіреберісі құлаған. Бұл туралы The Insider жазды.

Кейінгі мәліметтер бойынша, жеті адам қаза тауып, тағы 10 адам жарақат алған. Қаза тапқандардың арасында екі бала бар.

7 наурызға қараған түні зымыран соққысына Киев қаласы да ұшырағанын қала мэрі Виталий Кличко мәлімдеді. Зымыран сынықтары қаланың бірнеше ауданында құлаған, алайда зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Сонымен қатар ұшқышсыз ұшақтар Одесса облысына да соққы жасап, инфрақұрылым нысандарында өрт шыққан.

Серіктес жаңалықтары