×
493.85
571.78
6.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
493.85
571.78
6.25

Дзюдошы Әділет Алмат Аустриядағы Гран-при турнирінің жеңімпазы атанды

Бүгін, 09:05
Дзюдошы Әділет Алмат Аустриядағы Гран-при турнирінің жеңімпазы атанды
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Әділет Алмат Австрияның Линц қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінде алтын жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Әділет Алмат ақтық сында әзірбайжандық Вусал Галандарзадемен өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде қазақстандық балуан айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі жүлде бар. Бұған дейін Шерзод Давлатов (60 келіге дейін) қола медальға ие болған еді.

Серіктес жаңалықтары