×
493.85
571.78
6.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
493.85
571.78
6.25

Норвегиядағы АҚШ елшілігінің маңында жарылыс болды

Бүгін, 12:53
Норвегиядағы АҚШ елшілігінің маңында жарылыс болды
Юрий Смитюк/ТАСС

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, елшілік ғимараты маңынан қатты дыбыс естіліп, артынша аумақты түтін басқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Норвегия астанасы Ослодағы АҚШ елшілігінің кіреберісіне жақын жерде жарылыс болған. Соның салдарынан ғимаратқа кішігірім зақым келген, алайда зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы жергілікті полиция басшысы Михаэль Деллемир мәлімдеді, деп хабарлайды NRK телеарнасы.

Алайда полиция басшысы оқиғаның нақты мән-жайын ашып айтқан жоқ.

– Біз зақымның сипатына, не жарылғанына және басқа да жайттарға қатысты әзірше пікір білдірмейміз. Қазірше тек жарылыс болғанын ғана растай аламыз. Мұның себебі – тергеу жұмыстары енді ғана басталды, – деді ол.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта полиция куәгерлерден жауап алып, күдіктілерді іздестіріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары