Қазақстанның спорттық гимнастикадан ерлер құрамасының көшбасшыларының бірі Милад Карими Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде екі дүркін жүлдегер атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қазақстандық гимнаст екінші күміс медалін кермедегі жаттығуларда иеленді.
Финалда Карими төрешілерден 15.033 ұпай алып, екінші орынға тұрақтады. Бірінші орынды Тан Цзя-Хун (Тайбэй) 15.366 ұпаймен жеңіп алды. Үшінші орын Анхель Барахасқа (Колумбия) бұйырды – 14.400.
Ал Дияс Тойшыбек төртінші орынға ие болды – 13.900 ұпай.
Айта кетейік, бұған дейін Карими еркін жаттығуларда да күміс медаль жеңіп алған еді.
Сондай-ақ бүгін, 8 наурызда, ат снарядындағы жаттығулардың финалы өтті. Нариман Құрбанов бесінші орын, Зейнолла Ыдрысов жетінші орын алды.