×
493.85
571.78
6.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
493.85
571.78
6.25

"Қауіпсіздік үшін төленетін азғантай ғана құн": Трамп мұнай бағасының қымбаттауына қатысты пікір білдірді

Бүгін, 10:26
"Қауіпсіздік үшін төленетін азғантай ғана құн": Трамп мұнай бағасының қымбаттауына қатысты пікір білдірді
AP

АҚШ президенті Дональд Трамп мұнай бағасының қымбаттауына реакция білдірді. Ол мұны қауіпсіздік үшін төленетін азғантай ғана құн деп бағалады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Дональд Трамп мұнай бағасының күрт қымбаттауына қатысты өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде пікір білдірді.

— Қысқа мерзімге созылатын қымбаттау Иранның ядролық қаупі жойылғаннан кейін төмендейтін болады. Бұл – АҚШ пен бүкіл әлемдегі қауіпсіздік пен бейбітшілік үшін төленетін өте шағын ғана ақы. Бұған тек ақымақтар ғана басқаша қарайды! — деп жазды ол.

Контекст

Ирандағы соғыс салдарынан мұнай бағасы шамамен 20 пайызға қымбаттап, 2022 жылғы деңгейге дейін көтерілді. Мұнай нарығына Ормуз бұғазы ұзақ уақытқа жабылып қалуы мүмкін деген қауіп әсер етіп отыр.

Қазір Brent маркалы мұнайдың бір баррелі (159 литр) 111,04 долларға саудаланып жатыр.   

 

 

 

Серіктес жаңалықтары