9 наурызда Алматы қаласында ауа райы қолайсыз болып, атмосферада зиянды заттар мөлшері көбеюі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.
Мән-жай
Синоптиктер тұрғындарға ашық ауада ұзақ мерзімде жүруді шектеу және көшеде болу уақытын қысқарту қажеттігін ескертті. Созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары немесе аллергиялық аурулары бар адамдар әрдайым өзімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерін алып жүруі тиіс.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желдің жоқтығы немесе әлсіздігі, тұман, инверсия) жиынтығы. Ол атмосфераның төменгі қабатында зиянды (ластандырғыш) заттардың жиналуына ықпал етеді.
Алматы Қазақстандағы ауасы ең лас қалалардың антирейтингінде тұрақты түрде бірнеше жыл бойы бірінші орында тұр. Осыған байланысты өткен аптада қала мәслихаты ауаны қорғауға арналған арнайы ережелерді қабылдаған.
Олардың ішінде: