Қазақстанда тұрғын үй бағасы қымбаттайды, деп хабарлайды Ulysmedia.
Мән-жай
Қаңтар айында жаңа тұрғын үйлердегі бір шаршы метрдің орташа бағасы 604 823 теңгені құрады. Сұраныстың сақталуына мемлекеттік ипотекалық бағдарламалар әсер етіп отыр. Алайда олардың шарттары өзгеріп жатыр. 31 қаңтардан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) зейнетақы жинағының артық бөлігін ипотеканың пайызын өтеуге емес, тек негізгі қарызын жабуға ғана пайдалануға болады.
Сонымен қатар, тұрғын үй жинақ жүйесіне қатысты реформа нәтижесінде коммерциялық банктерге жинақтаушы ипотека үлгісімен жұмыс істеуге мүмкіндік берілген. Бұл нарықтағы бәсекені күшейтіп отыр. Дегенмен мемлекеттік сыйақы тетігінің арқасында стратегиялық артықшылық Отбасы банк еншісінде қалып отыр.
Сарапшылар Қазақстанда жаңа тұрғын үйлердің бағасы алдағы уақытта да бірқалыпты өседі деп болжап отыр. Олар «Все о стройке» басылымына берген пікірінде бағаның қымбаттауына әсер ететін төрт негізгі себепті атады. Олардың қатарында:
Контекст
2026 жылдың қаңтар айында Қазақстандағы тұрғын үй бағасы айтарлықтай өскен. Ол әсіресе жаңа үйлер нарығында қатты байқалады. Баға өсімі нарық сегментіне байланысты әртүрлі болған. Мысалы, жаңа тұрғын үйлер бір жылда 17%, ал екінші нарықтағы үйлер 13,6% қымбаттаған.
Halyk Finance сарапшыларының есебінше, бұл өсім инфляциядан айтарлықтай жоғары. 2026 жылдың қаңтарындағы инфляция өсімі 12,2% құраған.