×
493.85
571.78
6.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
493.85
571.78
6.25

Израиль жаңа әскери операция бастады

Бүгін, 17:12
Израиль жаңа әскери операция бастады
in-cyprus.philenews.com

Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) Ливанда шектеулі жер үсті әскери операциясын бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

ЦАХАЛ Ливанның оңтүстігінде «Хезболла» ұйымына қарсы шектеулі жерүсті операциясын бастады. Ресми хабарламада операция террористер мен олардың инфрақұрылымын іздеп, жою мақсатында жасалғаны айтылған.

«Израиль қорғаныс күштері «Хезболла» террористік ұйымына қарсы әскери іс-қимылдарын жалғастырады. Бұл ұйым соғысқа қосылып, Иран режимінің атынан әрекет етуге шешім қабылдаған», – делінген хабарламада.

Израиль бұған дейін Ливан астанасы Бейрут қаласы маңындағы «Хезболла» нысандарына әуеден соққы жасаған. Ұйым Израиль елді мекендерін тікелей атқыламас үшін маңызды нүктелерді бақылауда ұстау үшін ел аумағына әскер кіргізген.

Контекст

АҚШ пен Израиль ақпанның соңында Иранға қарысы әскери операция бастаған. Әуе шабуылынан Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи қаза тапқан. Осыдан соң аймақтағы жағдай ушыққан. Тегеран қарымта ретінде Таяу Шығыстағы араб елдері мен Израильді атқылаған. «Хезболла» және «Хамас» ұйымдары да Иран жағында қақтығысқа араласқан.

Серіктес жаңалықтары