×
493.85
571.78
6.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
493.85
571.78
6.25

Қазақстан референдум қарсаңында шетелдегі 11 дауыс беру учаскесін жабады

Бүгін, 16:01
Қазақстан референдум қарсаңында шетелдегі 11 дауыс беру учаскесін жабады
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстан бірқатар елдегі қауіпсіздік жағдайының нашарлауына байланысты шетелде орналасқан 11 дауыс беру учаскесінің жұмысын уақытша тоқтатады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қай елдерде учаскелер жабылады

Министрлік өкілінің айтуынша, мұндай шешім Таяу Шығыстағы әскери қақтығыстың ушығуына, сондай-ақ Украина мен Эфиопиядағы қауіпсіздік деңгейінің төмендеуіне байланысты қабылданған.

– Уақытша жабылатын учаскелер Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жанында орналасқан. Олар: Иран, Израиль, Иордания, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Ливан, Кувейт, Украина және Эфиопия, – деді Ерлан Жетыбаев.

Бұдан бөлек, Дубай қаласындағы Қазақстан консулдығы жанындағы дауыс беру учаскесі де уақытша жұмыс істемейді.

Қанша учаске жұмыс істейді

Осылайша, референдум кезінде шетелде 54 елде орналасқан 71 дауыс беру учаскесі жұмыс істейтін болады.

Қазақстаннан тыс жерде дауыс беруге құқылы азаматтардың жалпы саны 14 230 адам.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, референдум барысын 336 халықаралық байқаушы бақылайды. Олар 10 халықаралық және шетелдік ұйымның, 27 мемлекеттің орталық сайлау комиссияларының, сондай-ақ Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық корпустың өкілдері.

Серіктес жаңалықтары