×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Петропавл шенділері патриоттық баннерлерге 78 млн теңге жұмсамақ

31.01.2023, 12:16
фото: ашық дереккөзден

Петропавлда патриоттық баннерлерге 78 млн теңгеден астам қаржы жұмсау жоспарланған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Мемлекеттік сатып алу порталынан белгілі болды.

Порталға жарияланған лот сипаттамасына сүйенсек, жалпы сомасы 78,3 млн теңгеге плакаттар мен билбордтар орнату көзделген. Шенділердің түсіндіруінше, мұндай әлеуметтік жарнаманың негізгі мақсатты: Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан реформаларға халықтың оң және сындарлы көзқарасын, сондай-ақ қазақстандық патриотизмнің азаматтық сезімі негізінде әрбір адамның өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал ететін қасиеттерді қалыптастыру.

Лот сипаттамасында "Қазақстандық патриотизм" тіркесі үш рет кездесетінін атап өткен жөн.

Сондай-ақ, баннерлерге миллиондардың жұмсалуын жергілікті шенеуніктер “Қазақстан халқының рухани, тарихи құндылықтарына, оның мәдени мұрасына, қоршаған ортаны, табиғи байлықты қорғауға ұқыпты қарауға тәрбиелеу” мақсатымен түсіндірген.

Серіктес жаңалықтары