×
491.59
572.16
6.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.59
572.16
6.24

Таяу Шығыстан елге оралғандар саны 9,5 мыңнан асты

Бүгін, 14:06
Таяу Шығыстан елге оралғандар саны 9,5 мыңнан асты
in-cyprus.philenews.com

Қазақстанның мемлекеттік органдары мен дипломатиялық өкілдіктерінің қолдауымен Таяу Шығыс өңірінен Қазақстанға 9517 қазақстандық қайтарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазіргі уақытта Біріккен Араб Әмірліктерінен, Қатардан және Сауд Арабиясы Корольдігінен азаматтарды эвакуациялау жұмыстары жалғасуда.

Сонымен қатар Сыртқы істер министрлігі Бахрейн, Израиль, Иордания, Иран, Кувейт, Ливан және Оман елдерінен эвакуациялық іс-шараларды аяқтауда.

КОНТЕКСТ

28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастаған. Әуе шабуылы кезінде Иранның рухани көсемі, аятола Әли Хаменеи қаза тапқан. Ресми Тегеран қарымта жауап ретінде Таяу Шығыста орналасқан АҚШ-тың әскери базалары мен Израильді зымыранмен атқылап, дрондармен шабуылдаған. Сол уақыттан бері аймақтағы ахуал ушыққан.

Серіктес жаңалықтары