×
470.46
543.1
5.86
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
470.46
543.1
5.86

Қанат Шарлапаев қазақ тілін журналистердің сынынан кейін үйрене бастағанын мойындады

12.03.2026, 09:00
Қанат Шарлапаев қазақ тілін журналистердің сынынан кейін үйрене бастағанын мойындады
Фото: primeminister.kz

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Қанат Шарлапаев алғаш рет қазақ тілінде сұхбат берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сұхбат Adal Adam YouTube арнасында жарияланған. Бағдарлама жүргізушісі бірнеше жыл бұрын, Шарлапаев министр болып тұрған кезде оның қазақ тілінде әлдеқайда нашар сөйлегенін еске салды. Қазір ұлттық палата басшысы қазақша еркінірек сөйлейді.

– Мұндай сұхбат беру – мен үшін де үлкен сынақ. Қазақ тілінде алғаш рет сұхбат беріп отырмын. Әлі де көп жұмыс істеу керек, тілді әрі қарай жетілдіру қажет. Қазір кәсіпкерлердің де, мемлекеттік қызметкерлердің де басым бөлігі – қазақ тілінде сөйлейтін адамдар. Өз ойыңды жеткізу үшін, әрине, қазақша сөйлей білу керек. Шынын айтсам, тілді үйрену үшін екі нәрсе қажет: ынта мен уақыт. Бір кезде журналистер мені сынап, қазақ тілін білмейді деп айтқан еді. Соған ұялдым да, тіл үйрене бастадым. Үйрететін адам керек, уақыт керек. Содан кейін қазақша сөйлесуге тырысу қажет, – деді ол.

“ҚАЗАҚСТАНҒА ОРАЛҒАН ҚАНДАСПЫН”

2023 жылы Қанат Шарлапаев министр болып тұрған кезде журналистерге қазақ тілін күн сайын дерлік үйреніп жүргенін айтқан. Тілді білмеуін өзінің қандас екенімен түсіндірген.

Бұған дейін Қанат Шарлапаев Ресей мен Ұлыбритания азаматтығын иеленген. Кейін туғанынан берілген Ресей азаматтығынан бас тартып, 2022 жылы Қазақстан азаматтығын алған.

Серіктес жаңалықтары