×
489.39
567.99
6.19
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
489.39
567.99
6.19

БҰҰ Ираннан көрші елдерге шабуылды тоқтатуды талап етті

Бүгін, 09:41
БҰҰ Ираннан көрші елдерге шабуылды тоқтатуды талап етті
Фото: John Lamparski/NurPhoto/picture alliance

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Ираннан көрші елдерге шабуылды тоқтатуды талап етті, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Ираннан Таяу Шығыстағы қақтығысты ушықтырмай, Парсы шығанағындағы көрші мемлекеттерге жасаған шабуылдарын дереу тоқтатуды талап етті. Кеңеске мүше 15 елдің 13-і қарарды қолдап дауыс берді. Тек Қытай мен Ресей қарсылық білдірді.

Құжатта Иранның көпші мемлекеттерге жасаған шабуылдары халықаралық құқық нормаларын бұзатыны әрі «жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікке елеулі қатер төндіретіні» туралы айтылған. Бірақ қарарда Иранға қарсы әскери операция бастаған АҚШ пен Израиль туралы ешнәрсе жазылмаған.

Контекст

28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастаған. Әуе шабуылы кезінде елдің рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи қаза тапқан. Осыдан кейін аймақтағы жағдай одан сайын ушыққан. Тегеран қарымта ретінде Таяу Шығыстағы АҚШ-тың әскери базалары мен Израильді зымыран және дрондармен шабыулдаған. Әли Хаменеидің орнына оның ұлі Мұжтаба Хаменеи аятолла болып сайланған.  

Серіктес жаңалықтары