×
472.68
466.91
8.01
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
472.68
466.91
8.01

Сыртқы істер министрлігі Украинадан эвакуациялаудың қиындықтары туралы айтты

27.02.2022, 16:21
Фото: Айбек Смадияровтың Фейсбук парақшасынан

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров қазақстандықтарды Украинадан эвакуациялаудың қиындықтары туралы айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бұл туралы ол Фейсбук парақшасында жазды.

«Соңғы бірнеше күн бойы әлемнің назары Украинада. Біздің Киевтегі елшіліктің қызметкерлері күні-түні жұмыс істеуде. Қазақстанның азаматтарына көмек көрсетіп қана қоймай, орналасқан елдеріндегі жағдай жөнінде өзекті ақпаратты да жіберіп тұрады», - дейді Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, шұғыл ақпарат алмасу, туындаған мәселелерді жедел шешу мақсатында белгілі бір мессенджерде жұмыс чаты ашылған.

«Сол чатта бірге қуанып, бірге күрсініп жатамыз. Украинадағы әріптестерімізге сұрақтарды жаудырып, сол тұрған жерінде жауап бер деп жазатынымыз да бар. Кеше ғана БАҚ-қа арналған брифингте айтып өткенімдей, ҚР азаматтары бар бірнеше автобус шекараға қарай жолда көлік кептелісінде тұрды. Олардың жартысы шекарадан өтіп, аман-есен Польшаның аумағында азаматтарымыздың екінші тобы келгенше қонақүйге орналастырды», - дейді ол.