×
489.39
567.99
6.19
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
489.39
567.99
6.19

Иран Америкаға соққы жасай ма: елші жауабы

Бүгін, 16:45
Иран Америкаға соққы жасай ма: елші жауабы
Фото: mamul.am

Қазақстандағы Иран Ислам Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Әли Акбар Джоукар көптеген елдер текетірестің тезірек аяқталуын қалағанымен, сол үшін ешқандай жағдай жасамай жатқанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жаһандық тауар тасымалының болашағы көңіл көтшітпейді

Елші қазіргі уақытта жаһандық энергетика мен тауар тасымалының болашағы көңіл көтшітпейтінін айтты.

- Бұл әлемдік энергетикаға да, тауар тасымалына да қатысты. Өңірдегі көптеген елдер текетірестің тезірек аяқталғанын қалайды, бірақ ол үшін нақты әрекеттер жасамай отыр”, - деді Джоукар.

Ормуз бұғазындағы тыныштықты кім бұзды

Сонымен қатар Иран өкілі мұнай тасымалдаудың негізгі күретамыры болып саналатын Ормуз бұғазындағы жағдайға тоқталды. Ол Батыс елдерінің, әсіресе Францияның, танкерлерді “күштік сүйемелдеумен” қамтамасыз ету әрекеттерін сынға алды.

- Ормуз бұғазындағы қауіпсіздікті кім бұзды деген жерден бастайын.АҚШ зерттеу орталықтарында осындай соғысты бастауға не себеп болды деген зерттеу жүргізіліп жатыр екен. АҚШ Ормуз бұғазындағы қауіпсіздікті сиам режимімен бұзды, оған әуе күштерін және әскери кемелерін жіберді. Франция мұнда қауіпсіздікті қорғау үшін әскери кемелерін жіберсе де, олар қауіпсіздікті бұзып, жағдайды ушықтырады. АҚШ-тың мұндағы мақсаты тәртіпсіздік тудыру. Сондықтан, Франция және өзге де қауіпсіздік кеңесінің мүшелері бұл өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз еткілері келсе, қарар ұсынып, Иранға қатысты агрессияны қатаң айыптауы тиіс. Егер әскери кемелер жіберсе де, қауіпсіздікті сақтау мүмкін емес, - деді ол.

Иран билігі Америкаға соққы жасай ма

Елші сондай-ақ Иран зымырандарының немесе ұшқышсыз ұшу аппараттарының АҚШ нысандарына тікелей соққы жасауы мүмкін екені туралы мәлімет өзінде жоқ екенін атап өтіп, Тегеранның шабуылдарға қарсы тұрудан басқа амалы жоқ екенін айтты.

КОНТЕКСТ

28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастады. Әуе шабуылы кезінде Иранның рухани көсемі, аятола Әли Хаменеи қаза тапты. Ресми Тегеран қарымта жауап ретінде Таяу Шығыста орналасқан АҚШ-тың әскери базалары мен Израильді зымыранмен атқылап, дрондармен шабуылдаған. Сол уақыттан бері аймақтағы ахуал ушыққан.

 

Серіктес жаңалықтары