×
491.68
568.23
6.2
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.68
568.23
6.2

Иранның жоғарғы жетекшісі АҚШ пен Израильге сес көрсетті

Бүгін, 08:07
Иранның жоғарғы жетекшісі АҚШ пен Израильге сес көрсетті
Reza B/MEI/SIPA, Reza B/MEI/SIPA

Иранның жаңа жоғарғы жетекшісі Мұжтаба Хаменеи билікке келгеннен кейін алғаш рет көпшілік алдында мәлімдеме жасап, АҚШ пен Израильге қатысты қатаң сөз айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Иранда елдің жаңа жоғарғы жетекшісі Мұжтаба Хаменеи алғашқы ресми мәлімдемесін жасады. Ол бұл қызметке әкесінің қаза табуынан кейін тағайындалған. Ирандық БАҚ таратқан және 12 наурызда мемлекеттік телеарна эфирінде оқылған үндеуінде Хаменеи 28 ақпанда басталған соғыс барысында қаза тапқандар үшін АҚШ пен Израильден кек алуға шақырды.

- Біз балаларымыздың қанына ерекше сезімтал қараймыз, — делінген мәлімдемеде.

Кек алуға шақыру

Үндеуінде Хаменеи әскери қақтығыстар салдарынан адамдардың қаза табуына жауап қайтару қажет екенін айтты. Тегеранның мәліметінше, соғыстың алғашқы күні Минаб қаласындағы қыздар мектебіне жасалған соққыдан кемінде 175 адам қаза тапқан. Reuters агенттігі хабарлағандай, америкалық әскери тергеушілер бұл қайғылы оқиға АҚШ-тың Ислам революциясы сақшылары корпусының базасына жасаған соққысы кезінде болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Жаңа жетекші Иран сыртқы қысымға көнбейтінін де атап өтті.

Ормуз бұғазын бұғаттау

Мұжтаба Хаменеи сондай-ақ Ормуз бұғазын бұғаттау шарасын жалғастыру ниеті бар екенін мәлімдеді. Тегеран бұл қадамды қысым көрсетудің маңызды құралы ретінде қарастырады. Қақтығыс басталғанға дейін осы стратегиялық бағыт арқылы әлемдегі мұнай саудасының шамамен 20 пайызы өтетін. БАҚ мәліметінше, 12 наурызға қараған түні Иран Парсы шығанағында теңіз дрондары арқылы екі мұнай танкеріне шабуыл жасаған. Бұған дейін бұл аймақта басқа да азаматтық кемелерге шабуыл жасалып, соның салдарынан әлемдік мұнай бағасы өсіп кеткен. Сонымен қатар Иран жетекшісі Парсы шығанағы елдерін өз аумақтарында орналасқан АҚШ әскери базаларын жабуға шақырды.

Мұжтаба Хаменеи кім

56 жастағы Мұжтаба Хаменеидің Иранның жаңа жоғарғы жетекшісі болып тағайындалғаны 8 наурызда жарияланды. Ол елдің бұрынғы жетекшісі — аятолла Әли Хаменеидің екінші ұлы. БАҚ мәліметінше, Әли Хаменеи 28 ақпанда Израиль мен АҚШ авиациясының соққылары салдарынан қаза тапқан. Сайланғанға дейін Моджтаба көпшілік алдына сирек шығып, ресми мемлекеттік қызметтер атқармағанымен, елдің саяси элитасындағы ықпалды тұлғалардың бірі саналған. Израильдің 12-арнасының дерегінше, жаңа жетекші АҚШ пен Израильдің алғашқы соққылары кезінде жараланған. The New York Times басылымы оның аяғынан жарақат алғанын жазды. Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Эсмаил Багаи италиялық Corriere della Sera газетіне берген сұхбатында бұл жарақаттардың өміріне қауіп төндірмейтінін айтты. Өз үндеуінде Мұжтаба Хаменеи сондай-ақ жұбайының қаза тапқанын мәлімдеп, 28 ақпанда резиденциясына жасалған соққы кезінде әпкесі, оның күйеуі мен баласы да қаза болғанын растады.

Серіктес жаңалықтары