Мемлекет басшысы елорданы дамыту жөніндегі жиында LRT жобасына жеке тоқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«LRT-ға қатысты жұмысты мейлінше тездетіп аяқтау керек. Мен бұрын да айттым, LRT жобасы негізінен қате болды. Бірақ қазіргі таңда басқа амалымыз жоқ, бұл жобаны жүзеге асыруымыз керек. LRT-ның құрылысын тоқтатсақ, шығын одан да көп болады.
Ал, балама жобалар жоқ. Жалпы, әкімдікке Үкіметпен бірлесіп, Астананың көлік жүйесін дамытуға арналған кешенді бағдарлама әзірлеуді тапсырамын», – деді Тоқаев елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңес отырысында.
Айта кетейік, бұдан бұрын Астана қаласының экс-әкімі, премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов LRT жобасы жөнінде пікір білдірген.