×
491.68
568.23
6.2
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.68
568.23
6.2

Financial Times: Мұнай бағасының өсуінен Ресей күніне 150 миллион доллар табыс табады

Бүгін, 14:46
Financial Times: Мұнай бағасының өсуінен Ресей күніне 150 миллион доллар табыс табады
Фото: ашық дереккөзден

Әлемдік нарықта мұнай бағасының өсуі санкция құрсауындағы Ресей экономикасына күніне қосымша 150 миллион доллар табыс әкеледі. АҚШ Ресейдің 100 миллион баррель мұнайына салынған санкцияны алып тастады, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

The Financial Times басылымының жазуынша, АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы жағдайында әлемдік мұнай бағасының күрт өсуі Ресей бюджетіне күн сайын шамамен 150 млн доллар қосымша табыс әкеліп отыр. Бұл мәліметтерді басылым сарапшылардың есептеулеріне сүйене отырып жариялаған.

Сарапшылардың бағалауынша, жағдай осылай жалғаса беретін болса, наурыз айының соңына қарай Ресей 3,3–4,9 млрд доллар көлемінде қосымша табыс табады. Сарапшылар Ресей мұнайының орташа бағасы барреліне 70–80 доллар деп есептеген. Салыстырмалы түрде айтқанда, ақпан айында оның бағасы шамамен 45 доллар деңгейінде болған.

Kpler компаниясының жетекші сарапшысы Сумит Ритолий Ресей Таяу Шығыс қақтығысынан «ең көп пайда көріп отырған тарап» екенін айтты.

Ресей президентінің арнайы өкілі Кирилл Дмитриев X әлеуметтік желісінде  The Financial Times есебіне пікір білдіріп, қазіргі жағдайды «тарихтағы ең ірі энергетикалық дағдарыстың бастамасы» деп бағалады.

Контекст

Бұған дейін АҚШ Ресейдің танкерлерге тиелген мұнайына салынған санкцияны уақытша алып тастаған. Оған дейін Американың қаржы министрлігі Үндістанға Ресей мұнайын сатып алуға рұқсат берген. АҚШ бұл қадам Ресейге пайда табуға айтарлықтай әсер етпейді деген.

Ақпанның аяғында АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастаған. Әуе шабуылы кезінде елдің рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи қаза тапқан. Осыдан кейін Тегеран Таяу Шығыстағы АҚШ-тың әскери базалары мен Израильді атқылап, Ормуз бұғазын жауап тастаған.

 

Серіктес жаңалықтары