×
491.29
562.92
6.1
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.29
562.92
6.1

Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі WTA 1000 турнирінің финалына шықты

Бүгін, 09:06
Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі WTA 1000 турнирінің финалына шықты
Қазақстан теннис федерациясы

АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалында Қазақстанның бірінші ракеткасы украиналық Элина Свитолинаны (№9 WTA) екі сетте қапы қалдырды – 7:5, 6:4, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл жеңіс Рыбакинаны финалға шығарып қана қоймай, оның әлемнің екінші ракеткасы деген жаңа мәртебесін бекіте түсті. Қазір Елена жоғары деңгейдегі ойын үлгісін көрсетіп, матчтың шешуші сәттерінде қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмай жүр.
 
Алдыда басты кездесу. Бас жүлде үшін Елена тағы да өзінің негізгі қарсыласы – Арина Соболенкомен (№1 WTA) кездеседі.

Еске салайық, олардың кейінгі Australian Open финалындағы кездесуінде Елена жеңіске жетіп, чемпион атанған еді.

Серіктес жаңалықтары