×
491.29
562.92
6.1
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.29
562.92
6.1

Семейлік түлек наурыздағы ҰБТ-да 140 балл жинады

Бүгін, 12:55
Семейлік түлек наурыздағы ҰБТ-да 140 балл жинады
Абай облысының білім басқармасы

Абай облысының тумасы Ерасыл Сайлауов Наурыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеуде Қазақстан бойынша ең жоғары 140 балды жинады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ерасыл – Абай облысы Бородулиха ауылының тумасы. Ол Әлихан Бөкейхан атындағы қазақ орта мектебінің және "Тарих мектебі" білім беру орталығының түлегі.

Тестілеу нәтижесі бойынша оған ағылшын тілі пәнінен 50 балдық конвертация жасалған.

Ерасыл бос уақытында кітап оқып, шет тілдерін үйренумен айналысады. Тіл үйренуге деген қызығушылығының арқасында ол 10-сыныпта оқып жүрген кезінде IELTS халықаралық емтиханын тапсырған. Сонымен қатар, волейбол спортын тұрақты түрде ойнайды.

Жас түлектің негізгі мақсаты – негізгі ҰБТ-да да осы нәтижені қайталап, 140 балл жинау және "Дипломатия" мамандығы бойынша мемлекеттік білім грантын иелену.

Серіктес жаңалықтары