Референдум басталғалы дауыс берген халық саны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 10:00 жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың келуі мынаны құрады:
Жалпы, сағат 10:00-дегі жағдай бойынша Республиканың 2 393 844 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 19,21%-ы.
Дауыс беру учаскелеріне келу туралы келесі ақпарат сағат 12.00–де.
ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚ ЖОҚ
Дауыс беру тыныш жағдайда өтіп жатыр, қадағалау органдарына шағым түскен жоқ. Бас прокуратураның мәліметінше, қазіргі уақытта референдумға қатысты прокуратураға да, соттарға да ешқандай арыз-шағым келіп түспеген.