×
491.29
562.92
6.1
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.29
562.92
6.1

Назарбаев референдумда журналистердің сұрағын елемей кетіп қалды

Бүгін, 11:24
Назарбаев референдумда журналистердің сұрағын елемей кетіп қалды
Видео кадры

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев референдумға келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстанның бұрынғы президенті жаңа Конституция жобасын қабылдау мәселесі бойынша дауыс беру үшін елордадағы №228 сайлау учаскесіне келді.

Назарбаев журналистердің сұрағына жауап беруден бас тартқан.  

Назарбаев бір сәтке тоқтап, күлімсіреп, кейін бұрылып, ештеңе айтпастан кетіп қалды.

РЕФЕРЕНДУМ

Еске салайық, бүгін, 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституция жобасын қабылдау мәселесі бойынша жалпыұлттық дауыс беру өтіп жатыр.

Реформаға бастау болған бастама – Тоқаевтың бір палаталы парламент құру туралы ұсынысы. 8 қазанда парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобын құру туралы өкімге қол қойылған.

Бастапқыда өзгерістер 40 бапқа қатысты болады деп жоспарланған. Алайда кейін реформа Конституцияның барлық бөлімін қамтып, 77 бапқа өзгеріс енгізілді. Бұл Негізгі заң мәтінінің 84%-ын құрайды.

Серіктес жаңалықтары