«Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасының пайдалану жөніндегі орынбасары Ғабидолла Әбдірахымов Лондонға көшу туралы ойын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ғабидолла Әбдірахымов бес жыл бұрын өз еркімен мемлекеттік қызметтен кеткенін айтады.
- Мен әкім болдым. Оған дейін үкіметте, президент әкімшілігінлде жұмыс істедім. 2021 жылы өз еркіммен мемлекеттік қызметтен кеттім, себебі оқығым келді. Бұрыннан ойым бар еді. Оқуды бітірген соң ұлттық компания саласына жұмысқа келдім. Лондонға жиі бармаймын. Лондонға баратын себеп жоқ. Не үшін бұл сұрақты қойғаныңызды түсінбей отырмын. Мен ол кезде Лондонда екі күндік іссапарда болдым. Сол кезде жастардың “Қазақстанда ештеңе жоқ” деген біраз мақаласын оқығанмын. Соған ұсынысымды айтқанмын. Қазақстанда жұмыс істеп, өмір сүру керек, ал шетелде біз үшін оқуға баруға, демалуға болады. Ол кезде жаман нәрсе айттым деп ойламаймын, – дейді Ғабидолла Әбдірахымов.
Әбдірахымов қазір “Самұрық қазына” қорында қызмет ететінін, жалақысы 1,3 миллион екенін айтты.
Көпшілік оны 2019 жылы Лондонның орталығындағы қымбат қонақүй аясында түсірілген даулы видеосы арқылы да таниды. Айта кетейік, төрт жылдан кейін ол сол бейнежазбаға қатысты өз түсініктемесін де берген.
ТАҒАЙЫНДАУ
Еске салайық, биыл 9 қаңтарда Шымкенттің бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасының пайдалану жөніндегі орынбасары болып тағайындалған болатын.