Қазақстанның жеңіл атлетика құрамасы Жапонияның Номи қаласында өткен спорттық жүрістен Азия чемпионатында жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Құрлықтық жарыстың жүлдегерлері қатарына Ясмина Тоқсанбаева енді.
Жартылай марафон қашықтығында қазақстандық спортшы екінші болып мәреге жетті. Ясмина Тоқсанбаеваның нәтижесі – 1:37:17.
Бірінші орынды Қытай спортшысы Чжан Тин иеленді – 1:36:18. Ал қола жүлде тағы бір қытайлық Лю Хайяньге бұйырды – 1:38:45.