×
491.29
562.92
6.1
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.29
562.92
6.1

"Басынан аяғына дейін оқыған жоқпын": ҰҚК-ның бұрынғы төрағасы Шабдарбаев "Жаңа Конституция" жайлы

"Басынан аяғына дейін оқыған жоқпын": ҰҚК-ның бұрынғы төрағасы Шабдарбаев "Жаңа Конституция" жайлы
Ulysmedia.kz

ҰҚК бұрынғы төрағасы, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді серіктерінің бірі болған Амангелді Шабдарбаев Конституция жобасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Шабдарбаев “Жаңа Конституция” жобасын толық оқымағанын, бірақ қолдайтынын айтты. 

Ол Алматыдағы №388 референдум учаскесінде дауыс берді. 

- Бір жерде тұрмау керек. Қайта-қайта ауыстырып жатырмыз дейді ғой. Өзгерістер болуы керек. Бірақ Конституцияны қайта-қайта өзгерте бермей, халықтың жағдайы дұрыс болып, қызмет істеп жүрген азаматтардың бәрі таза болса, басқа ештеңе керегі жоқ. Білімді, заңға бағынатын адам болуы керек. Біріншіден, мен тік айтамын. Екіншіден, өз ойымды жеткізу үшін сендерге түсіндіріп айту керек. Ал сендер менің сөзімді кесіп тастайсыңдар, – дейді Шабдарбаев. 

Ол Ulysmedia  тілшісінің “Назарбаевтың тұсында қабылданған 1995 жылғы Конституцияның орнына Жаңа Конституция қабылдап жатқанын қалай қабылдадыңыз?” деген сұраққа нақты жауап бере алмады.

- Өзгерту керек, өзгерткені дұрыс. Президентке қарамау керек. Ол үшін өзгертпейді. Мен жаңа Конституция жобасын бастан аяқ оқыған жоқпын. Бірақ қабылдап, өзім келіп тұрмын, – дейді ол. 

Шабдарбаев дауыс беру үшін Астанадан Алматыға арнайы ұшып келгенін айтады. 

Серіктес жаңалықтары