×
491.29
562.92
6.1
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.29
562.92
6.1

"35 жыл бойы біз ескі Конституциямен өмір сүрдік". Референдумда жүрген жұлдыздар не деп жатыр

Бүгін, 15:45
"35 жыл бойы біз ескі Конституциямен өмір сүрдік". Референдумда жүрген жұлдыздар не деп жатыр
Ulysmedia.kz коллажы

Танымал қазақстандықтар референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Әнші Мақпал Жүнісова референдумға қызымен барып, дауыс берген. 

Тележүргізуші Динара Сәтжан да референдумда өз таңдауын жасаған. Ол шараға күйеуі Жұмабек Жанықұловпен барған. 

- 35 жыл бойы біз Ескі Конституциямен өмір сүрдік. Бұл еліміз қалыптасқан тұтас бір дәуір. Бірақ уақыт бір орында тұрмайды. Әлем жылдам, күрделі әрі талапшыл бола түсті. Ал егер ел дамығысы келсе, ол да алға қарай қадам жасауы керек. Жаңа Конституция - бұл жаңару. Бұл прогреске деген ұмтылыс. Бүгін еліміз үшін маңызды күн. Бұл тарихымыздың жаңа парағын ашатын күн, – дейді тележүргізуші. 

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов та таңдау жасап, референдумнан жазба жариялады. 

- Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Алға, Қазақстан, – дейді Қабатов. 

Боксшы Назым Қызайбай да бүгін таңдауын жасап қайтқан. 

- Бүгін таңертең оқу-жаттығу жиынында жүргеніме қарамастан, қалаға арнайы келіп, өз дауысымды бердім. Әр азаматтың таңдауы маңызды. Сен де бейжай қалмай, өз таңдауыңды жаса!, – дейді спортшы. 

Әнші Төреғали Төреәлі референдум – бұл жай ғана саяси рәсім емес, бұл – әр азаматтың ел тағдырына деген жауапкершілігін сезінетін сәті дейді.

- Халықтың үні естілетін, қоғамның ортақ бағыты айқындалатын маңызды кезең. Өкінішке қарай, бүгінгі қоғамда «барудың қажеті жоқ» деп айтатындар да бар. Бірақ кейде ойланатын бір нәрсе бар: сол пікірді айтып жүргендердің ішінде мәселенің мәнін толық оқып, түсініп шыққандар қанша? Сондықтан ең маңыздысы – кез келген мәселе бойынша алдымен оқу, тыңдау және түсіну. Асығыс пікір емес, саналы шешім қабылдау. Өйткені әрбір азаматтың таңдауы елдің ертеңіне әсер етеді. Әр дауыс – елдің болашағына қосылған үлес. Мемлекет тек заңдармен ғана емес, саналы, ойлай білетін азаматтармен де қалыптасады. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, – дейді әнші. 

Айта кетейік, соңғы деректер бойынша,  республиканың 6 471 378 азаматы референдумда таңдауын жасаған

Серіктес жаңалықтары