×
491.29
562.92
6.1
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.29
562.92
6.1

Иранның жоғарғы басшысы Мәскеуге жасырын эвакуацияланған - БАҚ

Бүгін, 08:05
Иранның жоғарғы басшысы Мәскеуге жасырын эвакуацияланған - БАҚ
REUTERS / WANA/ISNA/Hamed Jafarnejad

Иранның жоғарғы басшысы Мұжтаба Хаменеи АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылының алғашқы күні алған жарақатынан кейін Мәскеуге жасырын жеткізілген. Бұл туралы Кувейттің Al Jarida газеті дереккөзге сілтеме жасап мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БАҚ жасырын эвакуация туралы хабарлады

Газеттің мәліметінше, ол АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылының алғашқы күні жараланған. Басылым дереккөзі ирандық басшы Ресей астанасына құпия рейспен жеткізілгенін айтқан.

Эвакуациядағы Путиннің рөлі

Дереккөздің айтуынша, Ресей президенті Владимир Путин Иран президенті Масуд Пезешкианмен телефон арқылы сөйлескен кезде Хаменейді Мәскеуге емделуге жіберуді ұсынған. Басылым мәліметінше, бұл әңгіме өткен аптада болған.

Мәскеудегі операция

Хабарламаға қарағанда, Ресей астанасында Хаменейге операция жасалған. Дереккөздің айтуынша, операция сәтті өткен. Қазір ол Путиннің резиденцияларының бірінің аумағындағы медициналық клиникада ем қабылдап жатыр деген ақпарат бар. Алайда бұл мәлімет ресми түрде расталған жоқ.

Серіктес жаңалықтары