×
491.29
562.92
6.1
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.29
562.92
6.1

Әзербайжан Ираннан эвакуацияланған қазақстандыққа көмектесті

Бүгін, 10:06
Әзербайжан Ираннан эвакуацияланған қазақстандыққа көмектесті
фото: azertag.az

Әзербайжан билігінің қолдауымен шетел азаматтары «Астара» шекаралық өткізу бекеті арқылы өтуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл жолы Ираннан Әзербайжанға 18 адам эвакуацияланды, олардың бірі — Қазақстан азаматы. Қалғандарының 13-і Ресей азаматтары, тағы төртеуі Қытай азаматтары.

Ресми Баку шекарадағы өткізу бекетінде адамдардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданғанын мәлімдеді. Тіркеу рәсімдері аяқталғаннан кейін эвакуацияланған азаматтар өз бағыттары бойынша қауіпсіз түрде жөнелтілген.

– «Астара» мемлекеттік шекаралық өткізу бекетінде эвакуация үдерісі үздіксіз жалғасып жатыр. Шекарадан өту тиісті рәсімдерге сәйкес, жауапты құрылымдардың бақылауымен жүзеге асырылуда, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары