×
486.2
557.82
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
486.2
557.82
6

Германия канцлері Израильдің әскери операциясын "қателік" деп атады

Бүгін, 09:30
Германия канцлері Израильдің әскери операциясын "қателік" деп атады
Фото: Jana Rodenbusch/REUTERS

Германия канцлері Фридрих Мерц Израильдің Ливанда жүргізіп жатқан әскери операциясын қателік деп атады, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Фридрих Мерцтың сөзінше, Израильдің Ливан аумағына әскер кіргізіп, операция бастауы аймақтағы онсыз да ушығып тұрған гуманитарлық және миграциялық жағдайды одан сайын шиеленістіреді.

«Сондықтан біз израильдік достарымызды бұл жолмен жүрмеуге шақырамыз. Бұл үлкен қателік болады», – деді Мерц.

Германия канцлері Ливан аумағынан Израильді атқылап жатқан «Хезболла» тобының әрекетін де сынады. Мерц қақтығысты бейбіт жолмен, келіссөздер арқылы шешуге үндеді. АҚШ пен Изриаль Иранға қарсы әскери операция бастап, әуе шабуылы кезінде аятолла Әли Хаменеи қаза тапқаннан кейін «Хезболла» тобы соғысқа араласқан. Содан бері олар Израиль қалаларын арагідік атқылап келеді. 

Контекст

16 наурызда Израиль армиясы Ливанның оңтүстігінде «Хезболлаға» қарсы құрлық әскерінің қатысуымен шектеулі әскери операция бастағанын мәлімдеген. ЦАХАЛ операцияның мақсаты «Хезболлаға» тиесілігі инфрақұрылымды жаю және алдыңғы шепте қорғаныс аумағын қамтамасыз ету деген.

Серіктес жаңалықтары