×
486.2
557.82
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
486.2
557.82
6

Дәурен Абаев Қазақстандағы орыс тілінің мәртебесі туралы мәлімдеме жасады

Бүгін, 12:44
Дәурен Абаев Қазақстандағы орыс тілінің мәртебесі туралы мәлімдеме жасады
urfu.ru

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев референдумда мақұлданған жаңа Конституция Қазақстанның Ресеймен сенімді әріптес болып қала беретінін және орыс тілінің мәртебесі сақталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Абаевтың айтуынша, Конституция мәтінінің қазақ және орыс тілдерінде бірдей заңды күшпен жариялануы – мемлекет тарапынан орыс тілі мен орыс тілді азаматтарды қорғауға ұмтылыстың айқын көрінісі.

Сондай-ақ ол жаңа Конституция адам құқықтарын қорғауға басымдық беретінін және елдің ұзақ мерзімді дамуына жағдай жасайтынын атап өтті.

— Қазақстан халықаралық аренада Ресейдің сенімді әрі болжамды серіктесі болып қала береді. Елімізде орыс тілінің жоғары мәртебесі сақталады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Конституция мәтінінің қазақ және орыс тілдерінде тең заңды күшке ие болуы – мемлекетіміздің орыс тілі мен орыс тілді халықты қорғауға бағытталған дәйекті саясатын көрсетеді, — деді Дәурен Абаев.

Бұдан бөлек, ол референдумды бақылауға қатысқаны үшін Ресейге алғыс білдірді.

Серіктес жаңалықтары