×
486.2
557.82
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
486.2
557.82
6

Қытай Ресейдің мұнайына қайтадан қызыға бастады

Бүгін, 16:41
Қытай Ресейдің мұнайына қайтадан қызыға бастады
pixabay.com

Қытайдың Sinopec және PetroChina компаниялары төрт айлық үзілістен кейін Ресей мұнайын сатып алуға қайта қызығушылық таныта бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

МӘН-ЖАЙ

Дереккөздердің мәліметінше, компаниялардың сауда бөлімдері осы аптада ресейлік мұнайды сатып алуға сұраныс жіберген. Бұл – қараша айынан бергі алғашқы қадам. Әзірге нақты келісімдер жасалмағанымен, жақын уақытта мәмілелер жасалуы мүмкін.

Қытайдың мемлекеттік компаниялары бұған дейін АҚШ-тың «Роснефть» пен «Лукойлға» қарсы енгізген санкцияларынан кейін сатып алуды тоқтатқан болатын. Қазір олар 12 наурыздан бастап күшіне енген 30 күндік санкциялық жеңілдікті пайдалана алады. Бұл жеңілдік теңізге тиеліп қойған мұнайға қатысты қолданылады.

БАҒА ФАКТОРЫ

Сарапшылардың айтуынша, негізгі себеп – баға айырмашылығы. 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери әрекеттерінен кейін мұнай бағасында өзгерістер болды. Соған қарамастан ресейлік ESPO маркалы мұнайы балама шикізатқа қарағанда арзанырақ болып отыр.

Мәселен, сәуір айының соңына жеткізілетін ресейлік мұнай Brent бағасына шамамен 8 доллар үстемемен ұсынылса, Бразилияның Tupi мұнайы Brent фьючерстеріне 12–15 доллар үстемемен сатылуда.

БАСҚА ЕЛДЕР

Ресей мұнайына тек Қытай ғана емес, басқа да Азия елдері қызығушылық білдіруде. 13 наурызда Жапония, Таиланд және Филиппин де ресейлік мұнайды сатып алуға ниетті екенін мәлімдеген.

Ал Қытайдағы тәуелсіз мұнай өңдеу зауыттары әзірге белсенді емес. Олар бұған дейін сатып алынған арзан ресейлік және ирандық мұнай қорларын пайдаланып отыр. Дегенмен кейбірі бұл қорларды мемлекеттік компанияларға қайта сатуға дайын. Қазіргі бағалар жағдайында бұл олар үшін өңдеуден гөрі тиімді болып отыр.

Серіктес жаңалықтары