×
479.02
551.11
5.82
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.02
551.11
5.82

Колл-орталықтың нұсқауымен есірткі бизнесімен айналысқан қазақстандықтар ұсталды

Бүгін, 11:43
Колл-орталықтың нұсқауымен есірткі бизнесімен айналысқан қазақстандықтар ұсталды
Рolisia.kz

Шетелдегі колл-орталықтың нұсқауымен есірткі бизнесімен айналысқан қазақстандықтар ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Рolisia.kz мәліметінше, ІІМ өзге мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен бірлесіп есірткі бизнесімен айналысқан трансұлттық есірткі схемасын анықтаған.

«Еліміздің 11 өңірінде Қазақстанның 40 азаматы ұсталды. Есірткі таратуға қатысы бар 11 адам қамалды. Одан бөлек, тағы 9 адам есірткі тұтынғаны үшін жауапқа тартылды. Операция барысында синтетикалық есірткі, компьютерлік техника, банк карталары, смартфондар және басқа да айғақтар тәркіленді», – делінген сайтта жарияланған ақпаратта.
 

Трансұлттық қылыс тобы адамдарға шетелдегі колл-орталық арқылы нұсқау беріп отырған. Азаматтарды заңды жұмыс ұсынамыз деп, есірткі бизнесіне тартқан.

 

 

Серіктес жаңалықтары