Синоптиктер алдағы үш тәулікте ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Алдағы үш тәулікте ауа райы республиканың басым бөлігінде құрғақ әрі шуақты болады, бұл ауа температурасының одан әрі көтерілуіне оң әсерін тигізеді. Тек кейбір күндері елдің солтүстігінде, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, желдің күшеюі күтіледі. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.
ТЕМПЕРАТУРА
Күндіз ауа температурасы батыс өңірлерде +10…+20°С-қа дейін, солтүстікте және орталықта +5…+17°С-қа дейін, ал оңтүстікте +15…+23°С-қа дейін көтеріледі.