×
482.49
556.75
5.79
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
482.49
556.75
5.79

Израиль Иранның ең ірі газ өңіріне соққы жасады

Бүгін, 09:00
Израиль Иранның ең ірі газ өңіріне соққы жасады
Freepik

Израиль Парсы шығанағы жағалауындағы Иранның газ өнеркәсібі нысандарына соққы жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz DW-ге сілтеме жасап.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Reuters агенттігінің жазуынша, Израиль Иранның мұнай-газ инфрақұрылымына алғаш рет соққы берген. Шабуыл өнеркәсіптік Асалуйе қаласына жақын маңдағы нысандарға жасалған. Соның салдарынан әлемдегі ең ірі газ кен орындарының бірі саналатын South Pars кенішінде өрт шығып, газ өндіру ісі ішінара тоқтаған.

Axios басылымы АҚШ үкіметіндегі дереккөздерге сілтеме жасап, бұл операцияның Израиль мен Вашингтон арасында келісілгенін жазды. Басылым мәліметінше, Израиль әскери-әуе күштері Иранның табиғи газ өңдеу нысанына соққы жасаған. Бұл – Израильдің Ирандағы газ инфрақұрылымын алғаш рет нысанаға алуы.

Шабуылдан кейін Иран билігі тұрғындарды өнеркәсіптік аймаққа жақындамауға шақырды. Иран медиасы нысандардың бірінде өрт шыққанын, оқиға орнына өрт сөндіру қызметтері жіберілгенін хабарлады.

ТЕГЕРАННЫҢ РЕАКЦИЯСЫ

Соққылардан кейін Тегеран қатаң мәлімдеме жасады. Reuters дерегіне қарағанда, Иран тарапы аймақтағы шабуылдардың ауқымы кеңеюі мүмкін екенін ескертіп, қақтығыстың экономикалық соғыс деңгейіне өту қаупі барын мәлімдеді. Иран бұған дейін Израиль шабуылдары жалғасса, өңірдегі энергетикалық нысандарға жауап соққы жасалуы мүмкін екенін айтқан.

АЙТА КЕТЕЙІК

Асалуйеге жақын жерде әлемдегі ең ірі газ кен орындарының бірі South Pars орналасқан. Reuters мәліметінше, бұл кен орны Иранның газ өндірісінде аса маңызды рөл атқарады, ал ондағы өрттен кейін өндірістің бір бөлігі уақытша тоқтатылған.

Серіктес жаңалықтары