×
482.32
553.37
5.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
482.32
553.37
5.63

Белсенді Амангелді Жахиннің ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті

Бүгін, 15:12
Белсенді Амангелді Жахиннің ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті
Фото: Азаттық радиосы

Белсенді Амангелді Жахиннің ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Азаттық радиосының жазуынша, белсенді Амангелді Жахиннің алдын ала сот тыңдауы Ақмола облысының Шортанды аудандық сотында өткен. Онда негізгі сот отырысы қай жерде өтетіні талқыланған. Процесс онлайн болған.

Жахин өзінің қамауға алынуын саяси және азаматтық позициясымен байланыстырған.

«Азаматтық позициямды білдірген әрекетті «экстремизм» деп санап жатыр», – деген сот үзілісінде.

Амангелді Жахин қудаланған белсенділерді қорғайтын адвокаттар мен түрмеге алып баратын сәлем-сауқатқа ақша жинағанымды үшін «экстремизмді қаржыландырды» деп айыптап отыр деген.

Ол оппозициялық «Алға, Қазақстан!» партиясын құрған саясаткер Жасарал Қуанышәлиннің қайтыс болып кеткенін, одан кейінгі жетекшісі Марат Жыланбаевтың қазір түрмеде отырғанын айта келе:

«Енді үшіншісі мен едім. Партияның қатарынан екі төрағасын түрмеге қамау дегенді білмеймін, енді оны қалай атауға болады. Тоқаевтың өзі «партия құрыңдар» демеп пе еді. Сол партияны құрып жатқан жолда бізге кедергі жасап, түрмеге қамап жатыр», – деген.

Белсендінің негізгі сот отырысы Көкшетау қалалық сотында өтетін болды.

Контекст

Жахинге «тыйым салынған ұйым жұмысына араласу» және «экстремизмді қаржыландыру» баптары бойынша айып тағылған. Ол былтыр қарашада қамауға алынған.

Серіктес жаңалықтары