×
482.33
557.57
5.74
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
482.33
557.57
5.74

Әмір Омарханов Тунистегі турнирдің жекелей және жұптық сынында жартылай финалға шықты

Бүгін, 13:11
Әмір Омарханов Тунистегі турнирдің жекелей және жұптық сынында жартылай финалға шықты

Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов Монастирде өтіп жатқан ITF M15 сериялы турнирінің ширек финалдық кезеңін екі разрядта да сәтті аяқтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жұптық сында Әмір Омарханов пен франциялық Виктор Паганетти дуэті британдық тандем Гусик Ван / Люсиус Гуттерриджді тізе бүктірді. Тартысты өткен кездесу 6:3, 7:6 есебімен қазақстандық-франциялық жұптың пайдасына аяқталды. Енді финал жолдамасы үшін Омарханов пен Паганетти Луис Ван Херк (Люксембург) және Марлон Ванкан (Германия) жұбына қарсы ойнайды.

Сонымен қатар, Әмір Омарханов жекелей сын бойынша да жартылай финалға жолдама алды. Турнирдің шешуші кезеңіне шығу үшін отандасымыз германиялық Лука Виденманнмен күш сынасады.

Серіктес жаңалықтары