Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысында салынып жатқан бу-газ қондырғысының құрылысын тездетуді тапсырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Тоқаев Үкіметке және "Самұрық-Қазынаға" осы мәселені қатаң бақылауға алуды тапсырды.
– 70 жылдан бері жөндеу жұмыстары жасалмаған Кентау жылу энергия орталығын жаңғыртуға қомақты қаржы бөлінді.
Сондай-ақ тағы бір маңызды мәселе. Облыста салынып жатқан бу-газ қондырғысының құрылысын тездету керек. Жұмыс созылып кетті. Үкіметке және «Самұрық-Қазынаға» осы мәселені қатаң бақылауға алуды тапсырамын, – деді ол.
Президенттің айтуынша, жалпы аймақта түрлі өндіріс кәсіпорындары ашылып, жүздеген адам біртіндеп жұмыспен қамтылып жатыр.
– Мұның бәрі де – ел ішінде болып жатқан нақты жұмыстың көрінісі. Мен әрдайым айтып жүремін: аймақтарымыз қуатты болса, мемлекет те мықты болады. Бұл біздің жетістіктеріміздің негізгі формуласы деп айтсақ, артық болмайды. Сондықтан өңірлердің экономикасын нығайтып, халықтың әл-ауқатын жақсарту мемлекеттің басты назарында тұратын стратегиялық мақсат болып қала бермек, – деді мемлекет басшысы.