×
482.33
557.57
5.74
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
482.33
557.57
5.74

Шетелдік дипломаттар Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

Бүгін, 15:30
Шетелдік дипломаттар Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
Ulysmedia коллажы

Еліміздегі шетелдік дипломатиялық миссия өкілдері Наурыз мейрамына орай қазақстандықтарға ізгі тілектерін жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ПОЛЬША

Польша Республикасының Қазақстандағы елшілігінің сенімді өкілі Михал Лабенда қазақ халқының ұлттық дәстүрлеріне ерекше құрмет білдірді. Ол өзінің құттықтауында береке мен молшылыққа қатысты ізгі тілектерін жеткізді.

– Наурыз мерекесі құтты болсын! Жеті қазынамыз әрдайым толық болсын. Төрт түлік сай болсын! Ата-бабаларымыздың ақ батасы бәрімізбен бірге болсын. Ата-аналарымыздың денсаулығы мықты болсын. Балаларымыздың жолы әрдайым ашық болсын. Дастарханымыз мол болсын. Қазанымыз оттан түспей қайнасын. Қыдыр Ата шаңырағымызға қонып, ақ молайып, ырыс, дәулет тасысын!, – деді ол.

АҚШ

Сондай-ақ АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули М. Стаффт Наурыздың тарихи және мәдени маңызына тоқталып, бұл мерекенің халықтарды біріктіретін ерекше күшке ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, Наурыз – жаңару мен үміттің символы.

– Наурыз мерекесінде Қазақстан халқына Америка халқының атынан жақсы тілек білдіргім келеді. Бұл көктемнің келуін білдіретін көнеден келе жатқан мереке – жаңарудың, үміт пен бірліктің символы. Наурыз – салт-дәстүрді ұлықтап, отбасы ішіндегі туыстық қатынасты, қоғамдағы өзара байланыстарды күшейтетін, бейбіт әрі гүлденген болашаққа сеніммен қарауға шақыратын мереке. Осы қуанышқа ортақ болып, елдеріміз арасындағы достықты одан әрі тереңдете түсуге деген ниетімізді тағы бір мәрте растағымыз келеді. Әз-Наурыз сіздерге және жақындарыңызға қуаныш, мықты денсаулық пен табыс әкелсін. Наурыз құтты болсын!, – деді ол.

ШВЕЙЦАРИЯ

Өз кезегінде Швейцария елшісі де қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, қысқа әрі жүрекжарды тілегін жеткізді. Ол халыққа амандық пен бақыт тіледі.

– Наурыз құтты болсын! Баршаңызға амандық және бақыт тілеймін!, – деді ол.

Серіктес жаңалықтары