×
482.33
557.57
5.74
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
482.33
557.57
5.74

Қазақстандық тағы бір олигарх футбол клубын сатып алды

Бүгін, 16:40
Қазақстандық тағы бір олигарх футбол клубын сатып алды
ЖИ/Ulysmedia

Кәсіпкер Дінмұхамед Ыдрысов Түркістан облысындағы "Тұран" футбол клубының иесі атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Бұл ақпаратты Forbes басылымына Дінмұхамед Ыдрысовқа тиесілі Ordabasy Group компаниясының баспасөз қызметі растады. Электронды сауда-саттық 20 наурызда өтті, алайда клуб тек екінші әрекетте сатылған. 2026 жылдың наурыз айындағы алғашқы сауда өтпеген деп танылды, себебі өтініштер болмаған. Содан кейін баға 1,054 млн теңгеден төмендетіліп, Ыдрысов "Тұранды" 1,1 млн теңгеге сатып алды.

ЫДЫРЫСОВ ТУРАЛЫ

Forbes дерегінше, ол Қазақстанның ең бай бизнесмендері рейтингінде 18-орында, байлығы — 563 млн доллар. Оған "Қазақстандық коммуналдық жүйелер" энергетикалық компаниясы тиесілі. Сонымен қатар ұлымен бірге Ordabasy Group компаниясының тең құрылтайшысы. MAN Group арқылы Шығыс Қазақстан облысындағы "Белогорское" никель барлау компаниясын бақылайды, сондай-ақ "Керегетас" және Kundybai Mining тау-кен компанияларында үлесі бар.

КОНТЕКСТ

Қазақстанда кейінгі уақытта футбол клубтары жекешелендіріліп жатыр. Бұл бастама бюджетке түсетін салмақты азайту мақсатында қолға алынған. Сонымен қатар 2026 жылдан бастап шетелдік ойыншыларға мемлекеттік қаражат жұмсауға тыйым салынды.

Серіктес жаңалықтары