×
461.26
542.58
6.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
461.26
542.58
6.18

Қазақстан мен Иран президенттері бір-біріне құттықтау хат жолдады

22.03.2026, 17:56
Қазақстан мен Иран президенттері бір-біріне құттықтау хат жолдады
Ақорда

Иран Ислам Республикасының президенті Ораза айт пен Наурыз мейрамдарына орай Қазақстан президентінің атына құттықтау жеделхаттарын жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Масуд Пезешкиан құттықтауында мейірім мен берекеге толы осы қастерлі күндері мұсылман елдері арасындағы татулық нығайып, өзара ықпалдастықтың тереңдеуіне септігін тигізетініне сенім білдірді.

Өз кезегінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыста тұрақтылық орнауына және бауырлас халықтардың ынтымағы беки түсуіне тілектес екенін айтты.

Президент қасиетті Ораза айт пен әз-Наурыздың жаңару рухы Иран халқына бейбітшілік және бақ-береке әкелсін деген тілегін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары