×
482.33
557.57
5.74
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
482.33
557.57
5.74

Ішкі істер министрі қоғамдық орында темекі шеккені үшін айыппұл арқалады

Бүгін, 15:10
Ішкі істер министрі қоғамдық орында темекі шеккені үшін айыппұл арқалады
скриншот

Қырғызстан ішкі істер министріне қоғамдық орында темекі шеккені үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Оқиғаға әлеуметтік желіде тараған бейнеролик себеп болған. Видео жарияланғаннан кейін министр Ұлан Ниязбековке қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынған.

Қырғызстан ішкі істер министрлігі оқиғадан кейін заңның баршаға бірдей екенін айтып, лауазымы мен мәртебесіне қарамастан қолданылатынын мәлімдеген. Бұл жағдай қоғамда резонанс тудырған. Әлеуметтік желідебилік өкілдері заң мен тәртіпті қамтамасыз етудің орнына, оны өздері бұзады деген пікір айтып жатқандар да бар.

 

Серіктес жаңалықтары