×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ресей Украинадағы соғыс туралы жазған қазақстандық басылымды сотқа шақырды

01.02.2023, 12:52
Ресей Украинадағы соғыс туралы жазған қазақстандық басылымды сотқа шақырды
фото: ашық дереккөзден

Arbat.media басылымы Ресейге сотқа шақырылды. Бұл туралы редакция өкілі Сырым Итқұлов мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Оның сөзінше, ARBAT Media редакциясына Украинадағы соғыс туралы материалға байланысты РФ Владимир қаласында Ленин аудандық сотына шақырту келген.

Итқұловтың жазуынша, редакцияны айыптаушы – Ресей армиясының 19-әскери прокуратурасы, 56680 әскери бөлімшесі. Шақырту қағазында «Роскомнадзордың Владимир облыстық басқармасы басылымдағы Украинадағы соғыс туралы шындыққа сәйкес келмейтін және саяси мәндегі қоғамдық маңызды ақпарат жайлы жалған мәлімет барын анықтады» деп жазылған.

Сот отырысы 17 ақпанға белгіленіпті.

Arbat.media редакциясы бұл айыппен келіспейтінін мәлімдеді.