×
482.33
557.57
5.74
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
482.33
557.57
5.74

Колумбияда ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 69 адамға жетті

Бүгін, 15:05
Колумбияда ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 69 адамға жетті
Фото: Colombian Civil Defense/Handout/Anadolu/picture alliance

Колумбияда әскери ұшақтың апатқа ұшырауынан қаза тапқандар саны 69 адамға жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

23 науррызда C-130 Hercules әскери ұшағы Пуэрто-Легисамо әуежайынан әуеге көтерілген сәтте апатқа ұшыраған. Салдарынан 69 адам қаза тауып, 57-і адам жарақат алған. Ұшақ бортында 126 әскери қызметкер болған. Апаттың неден болғаны әзірге белгісіз. 

Қорғаныс министрі Педро Санчестің айтуынша, ұшаққа шабуыл жасалғаны туралы дерек жоқ. Шекаралық аймақта Колумбия мен Эквадор қарулы күштері наркокартелдер мен қарулы топтарға қарсы әскери операция өткізуде. 

Серіктес жаңалықтары