Шахтинск қаласындаға көпқабатты үйде газ жарылуы салдарынан зардап шеккен алты адам жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.
Мән-жай
"Бүгінгі таңда стационарда сегіз адам жатыр. Оның ішінде алты адам жансақтау бөлімінде, екеуі бөлімшеде. Барлық науқастар қажетті медициналық көмек алып жатыр", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Бұған дейін газды жару және пәтерді өртеу туралы іс бойынша күдіктінің Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласында ұсталғаны хабарлаған болатын. Ол 40 жастағы ер адам болып шыққан. Күдіктінің газ баллонын әдейі ашып, көпқабатты үйде өрт шығарғаны айтылған.