×
482.33
557.57
5.74
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
482.33
557.57
5.74

"Бір нәрсе болса ғана осылай шулаймыз" - Қожаев Алматыдағы жол апаты туралы

Бүгін, 11:40
"Бір нәрсе болса ғана осылай шулаймыз" - Қожаев Алматыдағы жол апаты туралы
zakon.kz, t.me/kris_p_almaty_kz

Сенатор Марат Қожаев Алматыдағы жол апаты және заңсыз көше жарыстарына қатысқан жүргізушілер мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сенатор Алматыдағы жол апатына полицейлердің қатысы бар деп ойламайтынын жеткізді. 

- Тексерістер жүріп жатыр ғой. Содан кейін ішкі істер министрлігінің басшылығы заңды түрде шешім қабылдайды деп ойлаймын, – дейді Қожаев. 

Сонымен қатар, сенатор депутаттардың бұл жағдайға министр Сәденовті кінәлауына қатысты пікір білдірді. 

- Әр адамның өз пікірі бар. Бір нәрсе болса ғана осылай шулаймыз. Бізде құқықбұзушылық көп. Өзімізде де болып тұрады. Президент “заң мен тәртіп” деп жатыр. Иә деп қойып, өзімізге келгенде оны сақтамаймыз, – дейді депутат. 

КАМЕРАЛАР

Депутаттың айтуынша, қазіргі камералар жүйесі енгізілгеннен бері заң бұзушылықтарды тіркеу процесі адамға тәуелді емес, барынша әділ әрі объективті жүргізілуде. Бұл жүйе апатқа себеп болған жүргізушілердің жауапкершіліктен жалтарып кетуіне жол бермейді.

- Ондай жағдайлар болуы мүмкін. Бірақ камералар енгізілгеннен бері бақылау жүйесінің объективтілігі артты. Яғни, заң бұзушылықтарды тіркеу адамға байланысты емес, бұл арнайы жауапкершілік жүктелген жүйе. Егер құқықбұзушылық тіркелсе, оны жою мүмкін емес, – деді Қожаев.

ӨТІНІШТЕР

Сонымен қатар, депутат түрлі өтініштер мен «көмектесіп жіберу» туралы сұраулар шешімге әсер етпейтінін атап өтті.

- Маған да хабарласып жатады, бірақ қазір оған менің шамам келмейді деп айтамын. Егер құқықбұзушылық тіркелсе, оны өзгерту мүмкін емес. Бұрын ондай мүмкіндіктер болған шығар деп ойлаймын. Адам болған соң түрлі өтініштер түседі, полиция қызметкерлеріне де жүгінеді. Бірақ қазір “нұсқау беріліп, жіберіп қоя салады” деген сөз – дұрыс емес, – деді депутат.

Сонымен қатар, Марат Қожаев жол белгілері мен таңбаларының өшуіне байланысты мәселелерге де тоқталды. Оның айтуынша, бұл бірқатар факторларға байланысты кешенді мәселе.

- Бұл үлкен мәселе. Ауа райының жағдайына, жолдың жөнделу сапасына байланысты ондай жағдайлар болады. Бұл тек біздің елде ғана емес, басқа елдерде де кездеседі. Тұрақты түрде көктемде жолдың сызықтарын қайта сызу және қалпына келтіру қажет. Ондай жұмыстар жыл сайын жүргізіліп жатыр, – деді Қожаев.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, 21 наурыз түнде Алматыда Zeekr маркалы автокөліктің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Mercedes көлігімен соқтығысқан. Салдарынан үш адам қаза тапқан. 

Заңгер Молдахан Әділетхан әлеуметтік желіде заңсыз көше жарыстары мен құқық қорғау органдарының әрекетіне байланысты пікір білдірді

Авторы: Ақлима Джақсыбекова

Серіктес жаңалықтары